Улкен залдын схемасы
Tilda Publishing

Сіздерге құрметті көрермен! С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрындағы этикет пен мінез-құлықтың негізгі қағидасын ұсынады:

Театрға сәнді киіммен келгеніңіз абзал!
Бұл-театр этикеті! /спорттық үлгідегі киімдермен кіруге рұқсат жоқ/. Сырт киіміңізді, сондай-ақ артық заттарыңызды кіреберістегі киім ілгішке тапсырасыз.

Театр тарихымен таныс болыңыз!
Театр көрермендері үшін, қосымша театр музейі қызмет көрсетеді.

Билет бойынша өту құқығы!
Сіз спектакльге сатып алған билет бойынша тек осы спектакль өтетін залға баруға болады.

Тыныштықты сақтаңыз!
Спектакль кезінде залда тыныштық сақтап, айналаңыздағыларға және сахнадағы артистер ойынына кедергі келтірмеуге тырысыңыз! Артистердің жанды түрде ойнайтындарын естен шығармаңыз!Ұялы телефондарыңызды үнсіз режимге қосыңыз және көршілеріңізді бөгде дыбыстармен мазаламауға сұраймыз.

Авторлық құқықты құрметтеңіз!
Барлық қонақтардан спектакль кезінде фото және бейнетаспа түсіруден бас тартуыңызды сұраймыз. Қойылым аяқталған соң, тағзым ету кезінде ғана түсіруге рұқсат беріледі.

Уақытты қадағалаңыз!
Үшінші қоңыраудан кейін залдын есіктері жабылады, сақ болыңыз. Кешікпеулеріңізді сұраймыз!

Гүл шоқтарын ұсыну!
Гүл шоқтарын ұсыну үшін, спектакль аяқталып, сахна шымылдығы жабылғаннан кейін актерлердің көрерменге тағзымға шығатын сәтін күткеніңіз абзал.

Буфет:
Театр көрермендері үшін 1-қабатта буфет қызметі жұмыс атқарады.

Үй жануарларын үйде қалдырыңыз!
Иттермен және басқа жануарлармен театрға кіруге тыйым салынады.

Пікір жазу кітабы:
Қойылым көріп болғаннан кейін, театрымыздың пікір жазу кітабына өздеріңіздің өтініш-тілектеріңізді, қолтаңбаларыңызды қалдырып кетулеріңізге, театр әкімшілігі мүмкіншілік тудырады.



Қойылым жандарыңызға жайлылық сыйласын қымбатты көрермендер!

Құрметпен, театр әкімшілігі!

Театр ережесі