С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры 1932 жылдың көктемінде жұмысшы жастар театры - ТРАМ деп аталған драма үйірмесінің негізінде құрылды.

Театр ұжымы жаңа ғимаратқа 2008 жылы көшті. Қасиетті өнер ордасын сәулетші Қанат Мұсаев жобалаған. Бүгінде мұнда 600 көрерменге арналған үлкен зал мен 160 адамға шақталған кіші зал бар. Театрдың бас сахнасын Ресейден келген мамандар салса, ал оған қажетті жабдықтар Санкт-Петербургтен жеткізілген. Театрдың салтанатты ашылуына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.
ТЕАТР ТАРИХЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры» КМҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.