Жанр: Пластиковая морфоза
Режиссер: А. Салбанов
Постановщик сценического конкурса: Ж. Ахан
Композитор: С. Айтқалиев
Балетмейстер: П. Әбдірахман
Осветитель: Г. Садықова
Помощник режиссера: Г. Ислямғалиева
Любовь-вечная тема. Жестокие обычаи и порядок нации могут лишить двух молодых людей, которые любили друг друга, оставить третьего человека несчастным и привести к трагической судьбе. Что делает безумно влюбленный поэт, чтобы увековечить чувства души к любимой?
В спектакле мы видим бурные истории между людьми, воспевающими любовь в темных словах, рожденными с раннего современного старомодного взгляда.
Жанр: Трагедия
Режиссер-постановщик: Г.Балпейісова (Ресей)
Художник-постановщик: Қ. Мақсұтов.
Художник по одежде: И.Осколков (Ресей)
Художник света: Н.Туманян (Ресей)
Композитор: О.Синкин (Ресей)
Балетмейстер: Э. Иманғазина (Ресей)
Қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея - Алаш идеясы! Ұлттық Тәуелсіздікті мұрат тұтып, ұлы істер атқарған Алаш арыстары самодержавиялық қуатты империяның бұғауынан шығу үшін өркениетке лайық саяси күрес жүргізді. Алаш партиясын құрып, Алаш Орда үкіметін жасақтады. Ұлттық-териториялық Алаш автономиясын жария етті. Бірақ азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш партиясы мен Алаш Орданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластатып, күшпен таратты.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы осы бір күрделі кезеңдерден сыр шертетін Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сахналанды. Ә.Бөкейханов бастаған қайраткерлердің азаттық жолындағы арпалысы, ауыр тағдыры суреттелетін спектакль тарихи оқиғалар негізінде жазылған. Ұлттық рухымызды күшейтіп, ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін туынды, ерлік пен елдікті танытады. Шиеленіскен оқиғалар режиссерлық тың шешімдер арқылы шарықтау шегіне жетеді. Ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің азаматтық тұлғасы актерлық шеберлік арқылы көрерменге жол тартады. Бұл Алаш тақырыбын кең ауқымда қамтыған тұңғыш қойылым. Арыстар рухына бас иіп, театр сахнасынан тұлғалар жайлы спектакль тамашалаңыздар!
Жанр: деректі-көркем драма
Қоюшы-режиссері: А. Салбанов
Қоюшы-суретші: Қ. Мақсұтов
Әуенмен әрлеуші: Қ. Болатов
Балетмейстер: П. Абдрахман
Жарық беруші: Г. Садықова
Режиссердің көмекшісі: Г. Ислямгалиева
Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың қалам тербеуге негіз болған махаббат тақырыбы әрқашан да өміршең. Ойда-жоқта кездесуден басталған таныстық үлкен махаббатқа ұласады. Шың басындағы шынарға ұқсатқан, ақ жүрегінің құрбаны болуға даяр Әселінен Ілиясты алыстатқан нендей сиқыр, нендей құдірет? Қойылымда сезім мен намыс сынға түсіп, «бастарына бейуақ бақытсыздық орнаған» жандардың өмірі баяндалады. Өмірде бір ғана жасалған ағаттықтың бағасы қандай болмақ? Әсел Нуриденнің сиқырын қайтарған Шолпандай бола ала ма? Сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, достық, көре алмаушылық, жауапкершілік, қамқорлық сынды тақырыптар қозғалатын лирикалық драмада нәзік сезім, ішкі мұң жатыр. Спектакль өмірдегі ұмытылмас, жүректің түкпірінде терең сақталған қимас махаббатты әспеттейді.
Жанр: лирикалық драма
Қоюшы-режиссері:Т. Теменов
Режиссердің ассистенті: Б. Киекбаев
Қоюшы-суретші: Ш. Елембаева
Балетмейстер: Д. Жақыпбаева
Әуенмен әрлеуші: Д. Қанаева
Жарық беруші: Г. Садықова
Режиссердің көмекшісі: Д. Қанаева, Г. Ислямғалиева
«Адасқандар» драмасы бүгінгі күннің болмысын ашып көрсетеді. Аты айтып тұрғандай, ислам дінін тереңдеп түсінбей, басқа ағымға түсіп кеткен жастардың қилы тағдыры шығарма өзегіне айналады. Өңгенің алдауы мен арбауына, азғыруына иланған қазақтың қаршадай қыздары мен жігіттері, «байимын, машина, үй сатып аламын» деп жүріп, жауыздардың қақпанына, қанды шеңгеліне қалай түскенін білмей, тығырықтан шығатын жол іздеп аласұрады. Екі көздері жәудіреп, туған жердің топырағын, ата-ананың аялы алақанын аңсайды. Оларды алда қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, жалған діни ағымның әр түрлі қатыгездігі күтіп тұрғанын кеш аңдайды. Бірақ, шегінерге жол жоқты. Олар өлтірмей кері қайтармайды. Міне, шығарманың өзегі – адаспас үшін он ойланып жүз толғану керектігін еске салады, адаспауға үндейді. Драма қалың көпшілікке арналған.
Жанр: драма
Қоюшы-режиссері: С. Жұмағали
Режиссердің ассистенті: Д. Айғазинова
Қоюшы-суретші: Ұ. Несіпбай
Әуенмен өрнектеген: С. Мустафина
Ана... Өмірдегі ең киелі есім. Ананың алақанындағы жылылық, жүрегіндегі шексіз мейірім, көздеріндегі жанашырлық перзенті үшін қуат көзі. Дегенмен, бүгінгі қауырт тірлікте жақындарымыздан біршама алыстап, тіпті олармен кездесу, сөйлесу де сиреп бара жатқандай. Оның себебі неде? Есейіп, өз бетімізше өмір сүргенді жөн көрдік бе, әлде уақыттың тапшылығы ма? Мүмкін сағынбайтын шығармыз... Соңғы рет анаңызбен оңаша отырып сырласқаныңыз есіңізде ме? Қашан анаңыздың қалын біліп, жағдайын сұрадыңыз, қашан телефон шалдыңыз?
Біздің өмірімізге шуақ болған, жығылып сүрінсек қуат болған бар асылымыз, жанашырымыз Анамызға мүмкіндігінше алғысымызбен қатар жылы сөздерімізді де айта жүрейік. Себебі, сәби кезімізде Анамыздың мейіріміне біз қалай мұқтаж болсақ, Анамыз да біздің бір ауыз жылы сөзімізге мұқтаж.
Жанр: драма
Аударған: Ұ. Тоқаева
Қоюшы-режиссері: А. Салбанов
Әуенмен әрлеуші: Қ. Болатов
Жарық беруші: Г. Садықова
Режиссердің көмекшісі: Ж. Бахтиярова
Қозы Көрпеш - Баян сұлу махаббат дастаны. Арманына жете алмаған қос ғашықтың трагедиясы. Шынайы махаббат пен сүйіспеншілікке кедергі болған қатыгез әке үкімі, қатал тағдыр тәлкегі, байлық пен кедейлік тартысы -екі жасты ізгі арман, адал ниеттеріне жеткізбеді.Баянын іздеген жас батыр Қозының жолына тұрған Қодар, алаң көңіл қос мұңлық- Мақпал мен Күнікей, арам ниет Жантық, серттен тайған әке Қарабайсәулетті сыры бар лиро-эпос жырының негізгі кейіпкерлері.
Қазақтың белгілі классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтың қаламынан туғанына 80 жылдан асқан Қозы мен Баянның мәңгілік жыры –пәк махаббат сезімін, ұрпақтан ұрпаққа үлгі боларлық адалдық қасиеттерді арқау еткен. Ол қай дәуірде де көрерменін бейжай қалдырмайтын, ойлантып, толғандыратын құнды шығарма.
Жанр: трагедия
Қоюшы-режиссері: Т.Жанботаев
Қоюшы-суретші: Қ.Мақсұтов
Балетмейстер: Е.Банникова
Әуенмен әрлеуші: С.Мустафина
Жарық беруші: Т.Тайлашев
Режиссердің көмекшісі: Г.Ислямғалиева
«Абайдың шыққан биігі - Құнанбайдың иығы»
Оқудан еліне асыққан бала шәкірттің ыстық сағыныш сезімі қайда жетелейтіні беймәлім. Өмірдің әр өткелінде қандай да бір шешімге тоқталу қажет екенін енді түсінген Жас Абай, әкесінің қатал үкімінен кейін қандай ой түймек? Жан-жақтан тиген соққы сөздер, жақын көрген адамдардың іс-әрекеттері, әсіресе әкесі Құнанбайдың барша қазақ жұртының алдында данышпан-Абай ретінде қалыптастыруында негізгі себеп болғаны анық. Оның жазып кеткен әр нақыл сөздері, жастарға үлгі-өнеге болар, терең ойға батырар шығармаларының жарық көруі Абай бойына сіңген ерекше ойлылық пен ақылдылық, білімпаздықтың арқасы деп білеміз.
Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай Сәкен театрында сахналанған бұл спектакль тұнық ойлар мен ерекше көркемдік шешімдерге толы. Әсіресе, болашақ Хакім Абайдың сол кездегі ортасы бүгінгі күнгі Данышпан Абайдың өсу жолдары жақсы бейнеленген. Басты рольдердегі Құнанбай, әжесі Зере, анасы Ұлжан, халық өкілдері Сүйіндік, Бөжей, Байсал секілді сол заманның кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы жақсы мен жаманды, жалған мен ақиқатты көріп өскен Абай шын мәнінде Ұлы Даланың кемеңгері болуына үлкен себебін тигізеді.
Сонымен қатар, Жас Абайдың махаббат сезімін оятқан сұлу табиғаттың аясындағы Тоғжанмен кездесу сәттері өте тамаша бейнеленген. Жас актерлер А.Жұмамұратов пен А.Амантайдың сомдауындағы Абай бейнесі мен С.Ташимбекова, Н.Тезекбаева, А.Асылбековалардың суреттеуіндегі Тоғжан мөлдір бұлақтай таза, еліктің лағындай әсем, көктемгі бәйшешектей құлпырған іс-әрекеттерімен көрерменді баурап алары сөзсіз.
Қилы заманның дауылында қара емендей қайыспай ел бірлігін сақтауда, ұрпағын тәрбиелеуде қаталдық та көрсетіп, мейірбандық та жасай білетін Құнанбай бейнесі (Б.Киекбаев, М.Қойшығарин) бүгінгі күннің көзқарасымен өте шынайы шыққан.
Т.Ибрагимов пен М.Әбілдің «Жас Абайын» көре отырып, ұлттық салт-сананың уызына, әдет-ғұрыптың бұзылмаған қаймағына қанып өскен Абайдың болашақта әлем мойындаған данышпан болатынына кәміл сенесіз.
Жанр: драма
Қоюшы-режиссері: Н. Жұманиязов
Режиссердің ассистенті: Б. Киекбаев
Қоюшы-суретші: Е. Тұяқов
Композиторы: С. Мұхамеджанов
Балетмейстер: Е. Банникова
Хормейстер: Д. Сатаева
Әуенмен әрлеген: С. Мустафина
Жарық беруші: Т. Тайлашев
Режиссердің көмекшісі: Ж. Бақтиярова
Бұл комедия бүгінгі күннің тақырыбына арналған. Көтерген әлеуметтік мәселесі отбасындағы ерлі-зайыптылардың күйкі тіршілігі мен өмірге тереңдеп мән бермейтін шолақ ойлы, жеңіл жүрісті жастардың көзқарасы баяндалады. Қоюшы режиссері А.Қырықбаев, суретшісі Қ.Мақсұтов.
Оқиға желісі жеңіл болып көрінгенімен астарлап ойлаған жанға айтары мен тәлім-тәрбиелік мәні зор. Көншілік қауымға арналған. Әсіресе, өмірге жеңіл қарайтын жастардың болашағына дұрыс жол сілтеп, отбасының бірлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екендігін еске салады. Ол үшін махаббат атты құдіретті қадірлеп, сезімді аялап, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің алар орыны ерекше екендігін безбендеп, айшықтап береді. Жеңіл сезім, ұшқары ой, үстірт қимыл орға жығып, опа бермейтініне көз жеткізіп, көрерменді күлдіріп отырып ойландырып, тереңге жетелейді.
Жанр: комедия
Қоюшы-режиссері: А. Қрықбаев
Қоюшы-суретші: Қ. Мақсұтов
Қайта өңдеген: Б. Киекбаев
Әуенмен әрлеуші: С. Мустафина
Жарық беруші: Т. Тайлашев
Режиссердің көмекшісі: Ж. Бахтиярова
Үйлену, үй болу. Өмірде өз теңіңді тауып, отау құру оңай шаруа емес. Тірліктің соқасын тартып, жалғыз басың сопайып жалғанды жортып жүрген, адамдық болмысымызға жат, әрине. Дегенмен, «тойдың болуынан, боладысы қызық»,- деп бекер айтпаса керек-тін. Бөлек есімді кейіпкердің басынан өткен бұл қызықты оқиғада, ата-анасы Керек пен Дерекгүл жалғыз ұлдарын үйлендіру мақсатында қыздармен таныстырады. Бірақ, баланың көңілі үй шаруасындағы Зерек атты қарапайым қызға ауады. Қойылым барысында адам бойындағы байлық пен мәнсапқа деген құмарлық, адалдық пен сатқындық, жақыбайлық пен іштарлық атаулы адам болмысындағы мінез-құлықтар, оқиға желісінде сатира мен юмор сынды әзіл-қалжыңдармен ұштасып, керемет үйлесім табады.
Жанр: музыкалық комедия
Қоюшы - режиссері: Н. Жұманиязов
ҚЫРАН ҚАЗАҚ
Өткен 2020 жылы 2-ші Дүниежүзілік соғыста асқан ерлік көрсетіп, жауға қырғидай тиген жерлесіміз Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толады. Осы ретте Халықтар достығы орденді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Совет Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына арналған қойылымның дайындығын бастап кетті. Пьесаның авторы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер-драматург Кеңес Жұмабеков.
Қазақтың батыр ұлына арналған «Қыран қазақ» пьесасын сахналау үшін қазақстандық белгілі режиссер, Ш. Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов арнайы шақырылды. Қоюшы-суретшілігіне ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқов тағайындалып отыр. Нүркен батырдың рөлінде театр артистері Бауыржан Нұрмағамбетов пен Ақай Жұмамұратов, ал батырдың анасының образын Сәкен театрының белді актрисалары Нұржібек Жансүгірова мен Бижамал Кемалова сомдайды.
Нүркен Әбдіров Қарағандыдай қазыналы ұясынан түлеп ұшқан 22 жасар қыран. Соғыста көрсеткен ерен ерлігі, көзсіз батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағын алды. Нүркен шын мәнінде батыр- ұшқыш қана емес, жаудың төбесіне жай оғындай тиген қырағы қыран еді. Ол Отанын сүйген, елі үшін отқа да жануға, суға да түсуге дайын болған жалынды жастардың қатарынан болды. Нүркен көкке ұмтылған, армандары асқақ ұлтымыздың ұланы болатын. Қазақ халқының мақтанышы болатын осындай Батыр ұлы адамзат баласының бақытты болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Ер есімі ешқашан ұмытылмайды.
Жанр: драма
Қоюшы-режиссері: Қ. Қасымов
Қоюшы-суретші: Е. Тұяқов
Режиссердің ассистенті: Н. Қалкенов
Балетмейстер: Л. Ибраева
Хормейстер: Д. Сатаева
Әуенмен әрлеуші: С. Мустафина
Режиссердің көмекшісі: Ғ. Ислямгалиева
Өзгесі өзге-ақ, бұл тақырыпты пайымдау оңайға соқпайтыны анық. Өгіз де өліп, арба да сынардай күй кешпек бар мұнда. Сана да сан сақ, көңіл де сарсаң. Себеп – біреу. Зейнеткер кейіпкерлеріміздің қиыннан қиысқан тағдырлары. Алайда, егде тартқан жастары мен кірбің қақпаған көңіл-күйлеріне қарамастан уақыттың еншісінен жақсылықтың келерін жорамалдаған төрт құрбының тылсым оқиғаларынан әртүрлі жанрды бағамдай аласыздар. Махабат пен қызғаныштың арасынан ытқып шығар кім? Кімнің бағы жанады? Флорид Буляковтың қаламынан туған драмалық комедияның сырын бірге шертейік...
Жанр: комедия
Қоюшы-режиссері: Б. Киекбаев
Қоюшы-суретші: Ж. Садырбеков
Киім суретшісі: М. Жұмкешова
Балетмейстер: П. Абдрахман
Хормейстер: Д. Сатаева
Әуенмен әрлеуші: С. Мустафина
Режиссердің көмекшісі: Ж. Бахтиярова
Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған Кеңес Жұмабековтың «Рақымжанның Қасымы» атты поэтикалық драмасы ақын жанының өмірінен сыр шертеді. Режиссер, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың сахналаған тың туындысы күллі алаш жұрты ардақтайтын талант иесінің шығармаларын шартарапқа шарықтатары һақ. Өмір мен Әуезді әуен мен ойлы өлеңдер көңілдеріңізге шуақ сыйласын десеңіздер қойылымның куәсі болыңыздар.
Жанр: поэтикалық драма
Қоюшы-режиссері: Б. Ұзақов
Хормейстер: А. Жұмашев
Қоюшы-суретші: Т. Аккерт
Сүйемелдеуші ансамбль: Д. Жанкин
А. Аужанова
А. Абильдин
С. Изтелеуов
Н. Танатар
С. Боранбаев
Жарық беруші: Т. Тайлашев
Әуенмен әрлеуші: С. Мустафина
Жарық беруші: Г. Садықова
Режиссердің көмекшісі: Ж. Бақтиярова
Бұл қарапайым ауыл тұрғыны Кучкардың өмірі жайындағы өткір сатира. Мас болып, айналасына маза бермей, жанжал жасай беретін оны көршісі бағанаға байлап тастайды, ал әйелі болса балаларын алып шешесіне кетіп қалады.
Кучкардың бақытыныа орай оған көрші болып инженер-ғалым Әлімжан қоныстанады. Ол әйелдердің мақта алқабындағы жұмысын жеңілдетуді ойлап, темір робот ойлап тапқан болатын. Бірақ ол мақта алқабына бірден жете алмайды. Кучкарға бұйрықтың бәрін сөзсіз орындайтын осы шойын қатын қатты ұнайды. Алайда мақта жинаған алғашқы күні-ақ шойын қатын сынып қалады. Кучкар болса, бағанаға байланған күйінде тастап кеткен әйелін сағынады, оның өмір бойы шойын қатын да көтере алмайтын міндетті бір өзі көтеріп келген мықты жан екенін түсінеді.
Жанр: комедия
Қоюшы-режиссері: А. Қрықбаев
Қоюшы-суретші: Ұ. Несіпбай
Әуенмен әрлеуші: Д. Жүнісова
Режиссердің ассистенті: А. Ахметқалиева
Режиссердің көмекшісі: Т. Қамза
Қойылымда ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар тақырыбы терең қозғалады. Пьесаның басты кейіпкері Жөкен - Толасбайдың әкесі қаладағы балаларына қонаққа келеді. Бірақ оған ешкім қуанышты емес. Толасбай мен оның әйелі Файрузаның өмірдегі негізгі мақсаты – мансап қуу. Толасбаймен болған жағдай, кез-келген адамның басына түсуі мүмкін. Пьеса көрермендерді ата-аналарын, туған-туысқандарын сыйлауға, бағалауға шақырады.
Жанр: драма
Қоюшы-режиссері: Р. Баймағанбетов
Қоюшы-суретші: Қ. Мақсұтов
Режиссердің ассистенті: С. Жұмағали
Қаланың қарқынды даму үдерісінен алшақ, шалғайдағы ауыл әкіміне қаладағы қызынан тосын келген хаттың талайдың тағдырын өзгертіп, үлкен дауға ұласарын кім білген. Күйеу баланың «Вампир» екенін естіген жұрттың ендігі қауіпсіздігіне кім кепіл? Ендеше, жұмыла жең түріп қарсы күш күрсетуге қамданған ауыл тұрғындарын бастаған Қатираның бұл өтірігі қашанға дейін созылмақ?
Жанр: комедия
Қоюшы - режиссер: Б.Киекбаев
Костюм суретшісі: Қ.Кагенова
Әуенмен әрлеуші: М.Берік
Жарық беруші: Т.Қамза
Режиссердің көмекшісі: Ж.Бахтиярова
Махаббат – тек қана әуен... Мөлдір, таза сезімнің тұнығын лайлаған күмәнді ойлар мен арманның жетегінеде кеткен қос ғашықтың сезімі қаншалықты ұзаққа созылмақ? Бағдат пен Банудың бір - біріне деген құштарлығы расында шынайы ма? Әлде, екеуін табыстырып, махаббатқа ант қабылдатқан Айбардың қателескені ме? Қарапайым таныстықты сыйқырлы сезімге итермелеу қаншалықты дұрыс? Ендеше, осы бір жауабы беймәлім махаббат оқиғасының куәсі болғыңыз келсе, арман мен махаббат арпалысқа түскен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтің "Қош, махаббат" спектаклін тамашалауға келіңіздер!
Жанр: драма
Қоюшы режиссері: А.Салбанов
Адам ғұмыры беймәлім жайттарға толы. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен риясыздық, тартыс пен талас секілді пенде өмірінде қатар шабатын қасиеттер легін пайымдайтын антикалық трагедия бүгінгі күнмен үндеседі. Әке мен бала, шеше мен қыз арасындағы тартыстар жанның қалауына ерік бермейтін жағдайларға алып келері һақ. Таққа таластық барлық жамандық атаулы құдіреттердің бастамасы ма? Күллі қаланы тамұққа айналдырудан тайсалмайтын кім? Күнәдан арылу үшін азапты өмір сүру қаншалықты керек? Өмірлік сұрақтың жауабын табу қиын... Таққа талас болса да, баққа талас жоқ! Оресттің өзі жауабын таба алмаған сұрақтарға Электра қалай жауап берді? Түйін біреу... Оны бірге іздейік...
Жанр: трагедия
Қоюшы-режиссері: Ж. Жұманбай
Қоюшы-суретші: Ж. Садырбеков
Әуенмен әрлеуші: Ф. Мейраш
Балетмейстер: Д. Жакыпбаева
Жарық беруші: Г. Садықова
Режиссердің көмекшісі: Ғ. Ислямгалиева
Неге біз осы..? Адам баласының өзіне де, өзгеге де күніне сан рет қоятын, жауабы жоқ сұрағы бұл! Аралар жасай алған бір-біріне мейірімді, бауырмал қоғамдық өмірдің деңгейіне жете алмай жүрген адамдар қоғамындағы адамгершілік болмыс алаңдатып, күйкі тірлік шаршатқан Таған тәрізді кейіпкер мына адамдар менің білгенімнің ең болмаса, 5 пайызын білсе ғой деп армандайды. Сонда әлем өзгеше, біздің өміріміз де басқаша болар еді деп ойлайды.
Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі әр кейіпкердің қаймағы бұзылмаған таза табиғат аясындағы іс-әрекеттері арқылы оның ішкі жұмбақ әлеміне бойлап, тұлғасын тани түсесіз.
Енді бірде Таған ұдайы мазасын алған“Неге біз осы?” деген сауалға жауап тапқандай болады. Осылайша, адамдық түп-тамырына қайта оралған Тағанға Табиғат ана құшағын жаяды.
“Атау-кере” қойылымы-дүниені бүлдіретін құлағы бар саңыраулардан, жанары бар соқырлардан сақтасын деген ойға жетелейді.
Жанр: драма
Қоюшы - режиссері: А.Салбанов
Алты үйлі ауылдың - астауы бір...
Бұлынғыр болашақтың бағыт-бағдарынан бейхабар, ғасырлық ғұмырдың асу белесіне жеткен, қайраты жоқ қарттық өмірдің ендігі бар үміті, балаларынан хат-хабар алу.
Жалғыздық, шарасыздық, дәрменсіздік ауылының тұрғынына айналған қарттық кезеңнің көңіл құдығынан тәтті естеліктер шәрбәтін, үміт кесесімен алып ішуден басқа шарасы бар ма?
Қырау басқан жүректерге жылу сыйлар, сағыныштың соқасын тартқан тағдырлардың тынысын сезгіңіз келсе, А.Дударевтың «Кеш» спектаклін тамашалауға кеңес береміз.
Жанр: драма
Қоюшы - режиссері: Б. Ұзақов
Г.Ибсен
Көрікті және ешкімнің оңайлықпен қолы жеткізбейтін генералдың қызы Гедда Габлердің тағдыр тақтасына уақыттың өтуімен болып жатқан өзгерістер өрнек салып, үлкен қиындықтарға әкеп соғады. Әкесінің қайтыс болуы, алаңсыз жастық шақтың шырқын бұзып, байлыққа толы баянды кездер де сарқыла бастайды.
Гедда тұрмыс құрады... Жаңа отбасылық өмірге қалыптасу қаншалықты қиын болғанымен, аяғы ауыр болғандықтан бәріне көніп, шыдауға мәжбүр болғанымен, мейірімді ана, ақылды жар болып көпке жақсы көріну, Гедданы әбден мезі етеді. Дегенмен, осындай санаңды тұншықтырар тұманды жәйсыздықтарды Гедданың бұрынғы махаббатының қалаға қайтып оралуы сейілтіп, қуаныш сыйлайды. Енді, Гедданың алдында екі таңдау бар. Өз бақытыңды ойлап, қалауыңмен өмір сүру. Әлде, адал болу... Жауабы жұмбақ бұл сана-сезімнің қақтығысында қиындықтан шығар жол тек - өлім бе?
Жанр: драма
Қоюшы - режиссер: Д.Жұмабай
Қоюшы - суретші: А.Тулеуова
Әуенмен әрлеуші: Қ.Болатов
Жарық беруші: Қ.Темірлан
Режиссердің көмекшісі: Ғ. Ислямғалиева
Ә. Ақтай
Сатқындық, мансапқұмарлық, дүниеқоңыздық...
Жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, үлкен өмірге қадам басқан жастардың ендігі болашағы қалай болмақ? Мамандық бойынша жұмысқа орналасу: кәсібіңді жақсы меңгеру ме, әлде, жемқорлыққа жол беру ме? Кәзіргі қоғамда бала шындықтың басынан сипап, әділдіктің алауын тұтату қаншалықты деңгейде жүзеге асуда?
"Ай қараңғысы" спектаклінде адамгершілік, адалдық, ар-намыс және қадір-қасиет мәселесі, адамның мансаптық өсуге кез-келген тәсілмен қол жеткізуге деген ұмтылысы көтеріледі.
Ал сіз, бүгінде әділдіктің бар екендігіне сенесіз бе?
Жанр: драма
Қоюшы - режиссер: А. Салбанов
Қоюшы - суретші: А.Тулеуова
Әуенмен әрлеуші: Е.Анваров
Жарық беруші: Т.Қамза
Режиссердің көмекшісі: Ғ.Ислямғалиева
Ұ. Есдәулет
Әрбір отбасының ұйтқысы болған Ана жүрегінен тарайтын мейірім мен жылулықтың болмауы, шаңырақтың жұпыны күйге түсуінің басты себепшісі. Дер кезінде қол ұшын созу, уақыт қадірі, адам құндылығы көрініс тапқан қойылымда, жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, өмір қарама-қайшылықтары әлеуметтік теңсіздікпен үндесіп, қоғамның тыныс-тіршілігін суреттейді. Ал, қателіктен сабақ алып, жаңа қоғамға қайта оралу қаншалықты оңай? Бәлкім, өткен шақтың қателіктері орны толмайтын өкініштің ошағы іспетті шарпып әкетеді ме? Мүмкін, адамдар жауапкершілік пен өздерінің жақындарына қамқорлық жасауды ұмытып кеткен кезде қиындықтар мен өкініш туындайтын шығар...
Ал, сіз қалай ойлайсыз!? Жақындарыңызға қаншалықты қамқорлық танытып жүрсіз?
Жанр: драма
Қоюшы-режиссері: А. Салбанов
А. Салбанов
Балалық шақта ойыншықтармен ойнау баланың интелектуалдды дамуына зор ықпал етері сөзсіз. Заманауи гаджеттерді (ұялы телефон, компьютер, планшет) әлі санасы дамымаған балаға беру зиянды екені жайлы бір сәт ойландық па? Бұл ертегіде күнделікті ойыншықтарымен ойнап қалыпты дамып келе жатқан балаға ата-анасы туған күніне ұялы телефонды сыйға тартады. Баланың ынтызары ұялы телефонға ауып ойыншықтарынан алыстап кетеді. Ойыншықтардың қожайынына керексіз боп қалуы оларды қатты кейітеді. Күндердің күнінде Ұялы телефон баланы роботқа айналдырады. Роботқа айналған бала ойыншықтарын Ұялы телефонның бұйрығымен қоқысқа тастайды. Ойыншықтар баланың қауіпті жағдайда екенін түсініп құтқаруға бел буады. Ұялы телефонды шайқасып ақырында жеңіп шығады. Бала қайтіп қалыпқа келеді. Бұл оқиғаны қорқынышты түс деп қабылдаған бала ендігәрі ойыншықтармен ойнап, ұялы телефонды жақындарын мерекемен құттықтап, интернет арқылы әлем туралы, отаны туралы білім алу үшін қолданатынын айтады.
Қоюшы - режиссері: А. Салбанов
А. Салбанов
Мұз боп қатқан жүректерді жібітетін жалғыз жылулық ыстық сезім екендігін дәлелдеген, Анна мен Эльзаны алда қандай шытырман оқиғалар тосып тұрғанын білесіңдер ме достар? Таққа таласты тартысқа айналдырған зұлым Аяз бен ханзада Ханс бірігіп, Кристофф пен Аннаның үйлену тойының шырқын бұзбақшы. Орман патшасы болуды көздеген зұлым Аяз сыйқырлы күшке ие Эльзаны шайқасқа шақырып, жер бетін толықтай қар құрсауында қалдырмақшы. Осындай тартысқа толы қақтығыстардың куәсі болып және басқада ертегі әлемінің жаңалықтарына бірге саяхат жасайық достар. Қар құрсауында қалған «Мұзды өлкенің» қызықты оқиғаларын театрымыздың сахнасынан бірге тамашалайық.
Жанр: ертегі
Қоюшы-режиссері: А. Салбанов
Х. Гюнтер
Қойылымның кейіпкерлері Керік пен Мүйізтұмсық жан дос болғанымен, күндердің күні достықтары сыналып қиындыққа тап болады. Дегенмен достар адалдығын сақтап, нағыз достықтың қандай болатынын көрсетеді.
Әуезді әнмен көмкерілген, балаларға қуаныш сыйлайтын бұл қойылым - мейірімділік, адал достық, жанашырлық, кішіпейілділік, қайсарлық пен батырлық қасиеттерінің маңызын дәріптейтін көңілді де тәрбиелік мәні зор туынды.
Жанр: ертегі
Қоюшы-режиссері: А. Салбанов
Халық ертегісі
Тұңғыш қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың мультфильм желісі бойынша жазылған, режиссердің ерекше шешімдерімен, балаларға құстар адамның досы екендігін, жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен жанашырлықтың қайсарлық пен батырлық қасиеттерін дәріптейтін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі.
Тағылымды әрі рухани мәнге ие қойылымның ерекшелігі - көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі ұлттық домбырамыздың әуезді үнімен тербеп, өзгеше көңіл-күй сыйлайды.
Жанр: ертегі
Қоюшы-режиссері: Айдын Салбанов
А. Салбанов
Жаны сұлудың, тәні сұлу....
Өмір есігін енді ғана ашып, табиғаттың таңғажайып сұлулығын ұнатқан құттың ендігі бар арманы өзінің жақындарын тауып, бауырлары мен туыстарының жанында болу еді. Дегенмен, оны ұсқынсыз деп санаған кішкентай құттың туыстары, оны отбасыларының мүшесі ретінде қабылдаудан бас тартып, қиындықта жалғыз қалдырып кетеді. Уақыт өте, ұқынсыз құрт, әдемі көбелекке айналады. Ал, оның туысқан ағалары болса көбелектің сұлулығына тамсанып, кешірім сұрайды.
Жанр: ертегі
Қоюшы-режиссер: Айдын Салбанов