Новости

94 - театр маусымының ашылуы!

2025-09-25 14:25
“СӘКЕНДЕ” - САУНДРАМА

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрына келген қалың көрермен 16–шы ғасырға барып қайтты. Театр өнеріндегі ең жас - саундрама жанры арқылы арманына жете алмаған қос ғашықтың трагедиясын жаңа қырынан танып, музыка мен би, ән мен әуен, ырғақты қимыл-қозғалыс пен сырлы сөз үндескен айрықша қойылымды тамашалаған көрерменнің ризалығында шек жоқ. Залдағы көрерменнің біресе арқасынан, біресе бүйіірінен би ырғағымен, әндете сөйлеп, шыға келетін Шекспир кейіпкерлерімен көзге көрінбейтін бір байланыс орнап, саундраманың соңына дейін жіпсіз байлап қойды. Сәкен театрында осылайша “Ромео-Джульетта”саундрамасының тұсауы кесілді!

Театрдан табылыңыздар, қымбатты көрермен!