Новости

Театр ұжымы Петропавл қаласында гастрольдік іс-сапарда

Петропавл қаласында шығармашылық тәжірбие алмасу мақсатында 2025 жылдың сәуір айының 16-20 күндері гастрольдік іс-сапармен театр ұжымы өнер көрсетті. Театр репертуарындағы Ұлттық тәуелсіздікті аңсаған, Алаш қайраткерлерінің азаттық жолындағы ауыр тағдырын суреттейтін Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасымен, халқымыздын ақиық ақыны М.Мақатаевтың мөлдір, таза сезімнің тұнығын лайлаған күмәнді ойлар мен арманның жетегінеде кеткен қос ғашықтың сезімі көрсететін, «Қош махаббат» драмасымен және Ата тегімізден келе жатқан, халқымыздың салт-дәстүріндегі қатал тәртіп пен тәрбиесінің болмысын ашып көрсететін, ұрпақтың саулығын, қанның тазалығын сақтап келген «Жеті атаға» жетпей қыз алыспау тыйымдарының өзектілігін дәріптеген М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен өнер көрсетіп қайтты.