Новости
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы Қалымов Құрман Өмірбекұлы мен Қырғызстан Республикасы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театрының директоры Ұлықбек Маратұлымен екі ел арасындағы шығармашылық меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры арасындағы шығармашылық байланысты нығайту. Алдағы жоспар бойынша жұмыстарды жетілдіру.