Новости

Жаңа премьера! Жәмила спектаклі

“Жәмиламен” жүздесу

Сәкен театрында тағы да премьера. Академиялық қазақ драма театрының әр премьерасында залға көрермен толып, аншлагпен өтетін игі дәстүр қалыптасты. Бұл жолы адамзаттың Айтматовының “Жәмила” повесінің желісімен сахналанған пластикалық драманы тамашалаған жастар жер әлемді соғыс өрті шарпыған отты жылдардағы ауыл өмірі мен тылдағы қара жұмыста қалған әйелдердің ауыр тағдырымен танысты. Сәкен театрының әнші, биші жас артистерінің би тілімен, қимыл-қозғалыс арқылы жеткізіліп, ым тілімен үйлескен спектакльді қоюшы-режиссер Сәкен театрының актер-режиссері Бек Киекбаев.

“Жәмила” Шыңғыс Айтматовтың алғаш жазылған, мәңгілік махаббат тақырыбы арқау болған шығармасы. Бүгінгі жас көрерменнің Жәмиланың махаббатын түсіну үшін повеспен танысып, оқып келгені абзал дейді режиссер.