Новости

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен, театрымыздың талантты артисі, “Мәдениет саласының үздігі”, театр әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, өмірі өнерімен өрілген дарын иесі - Заитова Дина Болатқызы “Ерен еңбегі үшін” мемлекеттік медалімен марапатталды!
Әріптесімізді театр әлеміне сіңірген көп жылдық еңбегінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шарықтау, толығай табыстар мен жарқын жеңістер қатары көп болуын тілейміз!