Теміртау қалалық "Жас көрермен театрының" ұйымдастыруымен Халықаралық театр күніне арналған мерекелік концерт өтті. Жыл сайынғы дәстүр бойынша театр қызметкерлерінің үздіктері анықталып, марапаттары табысталды: "Қаржы-экономикалық қызметінің үздігі" - театрымыздың бас бухгалтері Нурмуханова Гүлназира; "Үздік әкімшілік қызметкер" - заңгер-кеңесші Капанова Шынар; "Техникалық құрамның үздік қызметкері" - техник-электрик Бисембаев Нұрлан; "Көркем сахналау бөлімінің үздік қызметкері" - тігінші Аринова Айгүл; "Қуыршақ турппасының үздік артисі" - Серікхан Марат; "Қосалқы артист" - Зиядова Алтын; "Жыл артисі" - Смағұлова Айша, сондай-ақ, Асылбек Нұртілек марапатталды! Барша әріптестеріміз бен марапат иелерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, атқарып жатқан еңберіне толағай табыс, шабыт-шалқар тілейміз!