2025 жылдың қазан айының 14-15 күндері С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Көкшетау қаласына гастрольдік іс-сапармен барып өнер көрсетіп қайтты. Театр ұжымы гастрольдік іс-сапар барысында, М.Мақатаевтың «Қош, махаббат»драмасын, М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын және деКөкшетау қаласының кішкентай көрермендеріне арнап, «Ұр, Тоқпақ» қазақ халық ертегісін көрермендер назарына ұсынып, үлкен қошеметке ие болды.