Новости

93 театр маусымының жабылуы!

Қош, 93-ші маусым! Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры үшін 93-ші театр маусымы да табысты, жемісті болды. Көрермен көбейіп, қошемет ұлғайды. 93-ші маусымның өз салмағы, бағыты мен бағдары болды, театр атты синтездік өнердің дамуына, өрістеуіне Сәкен театры өз қал-қадерінше үлес қосып келе жатқан қарашаңырақтың бірі. Маусым барысында “018 автобус”-пен “Жоғалған досы”-ты іздеген театрдың шығармашылық ұжымы белестен белесті бағындырып, ғасырлық ғұмырына бір қадам жақындай түсті. Киелі сахна төрінде тер төккен әр қойылым көрермен жүрегіне жол тапты! Қымбатты патша көңіл көрермен, “жаз жайнатып, күн күлдіріп” демалып келген соң, 94-ші театр маусымында “төрт көзіміз түгел” кездескенше, амандықта болайық!