С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы сәуір айының 15-18 күндері аралығында Шымкент, Түркістан қалаларына гастрольдік сапармен өнер көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленіп қайтты. Осы гастрольдік сапар барысында, оңтүстік өңір жұртшылығына Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» спектаклін, М.Әуезовтың «Қарагөз» спектаклін, М.Мақатаевтың «Қош, махаббат»спектаклін және балаларға арналған «Ұр, Тоқпақ» қазақ халық ертегісін ұсынды.