Мәдениет, өнер және архив қызметкерлеріне арналған облыс әкімі сыйлығының марапаттау кешінде жүлдегер атанған С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен, С. Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жоғарғы санатты әртісі – Нукина Шайза Смағұлқызы марапатталды.
Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жоғары санатты әртісі – Дюсембекова Гульназия Тәңірбергенқызы марапатталды.
Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жоғары санатты әртісі – Абдыгалыкова Злиха марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жоғары санатты әртісі – Боранбек Токтарұлы Ахметов марапатталды.
Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен, С. Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жоғары санатты театр киімдерін тігу және жөндеу жөніндегі шебері – Абдрахманова Баян Рахымбекқызы марапатталды.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі – Амангелді Қабыкенұлы Мұкашев «Ең үздік эпизодтық рөл» номинациясын иеленді
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының көрермендермен жұмыс жөніндегі директордың орынбасары – Кожанова Разия Ермековна – «Мәдениет саласының үздік менеджері» номинациясын иеленді.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының қуыршақ труппасының әртісі – Абай Бекзат Бауыржанұлы – «Үздік қуыршақ жанрының маманы» номинациясын иеленді.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі – Сұлтан Серікұлы «Жыл әртісі» номинациясын иеленді.