Новости

ТЕАТР ЖЕТІСТІГІ !

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма
театры 2024 жылдың 16-23 мамыр аралығында Башқұрстан Республикасы,
Уфа қаласында өткен «Туганлык» халықаралық Ұлттық театрлар фестивалінде “Қарагөз” (реж. Г. Балпейісова) трагедиясымен бақ сынап үздіктер қатарынан көрінді!

Театрымыздың талантты артисі Бауыржан Нұрмағанбетов, Нарша рөлі үшін “Үздік ер адам ролі” номинациясымен марапатталса, Әнелі Сағындықова Қарагөз ролі үшін “Фестивальдің арнайы жүлдесіне” ие болды!✨

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз!