3 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ерғали Жүнісбековтің 90 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты кеш болды.
Театр артистері ардагер актердің шығармашылық еңбек жолын театрландырылған музыкалық деректі-көркем көріністерге арқау етіп, шолу жасап өтті. Абыз актердің сахнада сомдаған саналуан кейіпкерлері театрдың жас актерлерінің ойнауында бір сәтке тіріліп келгендей көрермен көз алдынан тізбектеліп өтіп жатты.
Театрымыздың ақсақалын мерейлі жасымен Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбай құттықтап, бір күн бұрын ардагерді арнайы қабылдаған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың сәлемін жеткізіп, сый-сияпатын табыс етті.
Салтанатты кеш барысында облыстағы өнер мекемелерінің басшылары: Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысы Талғат Ыдырысов, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының директоры Гүлнар Темірова, Қарағанды музыкалық комедия театрының басшысы Амантай Ыбыраев, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы Салауат Ахмедин Ерғали Сыздықұлын мерейтойымен құттықтап, шапандарын жауып, құшағын гүл шоқтарына толтырды.
Абыз актер Сәкен театрының басшылығына, әріптестері мен жас актерлерге-бүгінгі сахна шеберлеріне алғыс айтып, батасын берді.